Әйелін өзге еркектің құшағында көрген өскемендік терезеден құлап кетті

Фотография - Әйелін өзге еркектің құшағында көрген өскемендік терезеден құлап кетті

Кешегі аптаның соңында Өскеменде оқыс оқиға орын алды. 40 жасар қала тұрғыны өз әйелін өзге еркектің құшағынан көріп, көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

292 0

Кешегі аптаның соңында Өскеменде оқыс оқиға орын алды. 40 жасар қала тұрғыны өз әйелін өзге еркектің құшағынан көріп, көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Салдарынан оның тек жүрегі ғана жараланған жоқ, сондай-ақ, аяғы да бірнеше жерден сынып кетті. Бұл жайында YK-news тілшілері хабарлайды.

Өскемен қаласының қырық жасар тұрғыны өз үйіне келіп есігін аша алмапты, нақтысын айтсақ - әйелі ашпай қойған. Амалы таусылған ол терезеден өрмелеп кіруді жоспарлаған. Терезеге шығуы сол екен, әйелінің өзге еркек құшағында ләззат алып тұрғанын көріпті. Мұндайды күтпеген үй иесі айқай сала бергенінде жоғарыдан құлап кеткен. Оқиға орнына осы сәтте дереу жедел жәрдем жетіп, оны ауруханаға алып кетті. Алайда, дәрігерлерді күйеуінің көзіне шөп салған әйел шақырды ма, әлде жарақат алған азаматтың өзі шақырды ма, ол жағы белгісіз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!