32 жасар әйел төрт айлық баласын өлтіріп, соңыра өзі асылып өлген

Фотография - 32 жасар әйел төрт айлық баласын өлтіріп, соңыра өзі асылып өлген

Қайғылы оқиға кеше, 8 сәуір күні болған

631 0

Павлодар облысына қарасты Құркөл ауылының тұрғыны 4 айлық сәбиін өлтіріп, үлкен ұлын мүгедек еткен, соңынан өзін өзі өлтірген, деп хабарлады облыстың ішкі істер департаментінен.

Қайғылы оқиға кеше, 8 сәуір күні болған. Ақпаратқа қарағанда, 32 жастағы оралман әйел пышақпен бір баласын жазым қылып, екіншісін мүгедек еткен, соңынан өзі сарайға барып асылып қалған.

ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдің бұндай жантүршігерлік әрекетке баруы босанудан кейінгі күйзеліс салдарынан болған сияқты. Сәбилі болған соң денсаулығында ауытқу пайда болған келіншек ауруханадан өткен жыл соңында шыққан екен.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!