Биыл Ақтөбе облысында 750 мас жүргізуші ұсталды

Фотография - Биыл Ақтөбе облысында 750 мас жүргізуші ұсталды

Биыл үш айдың ішінде жол полициясы Ақтөбе облысында жол ережелерін бұзудың 23 443 фактісін анықтады

145 0

Биыл үш айдың ішінде жол полициясы Ақтөбе облысында жол ережелерін бұзудың 23 443 фактісін анықтады.

ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, 750 жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізгені үшін ұсталған, 774-і жүргізуші куәлігінен айырылды. Оған қоса, 2883 жүргізушіге жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ, 2 мыңға жуық жаяу жүргінші жолда жүру ережелерін бұзған. Айыппұлдың жалпы сомасы 136 млн. теңгеден асып жығылды. Жыл басынан бері 140 жол-көлік оқиғасы орын алды. Онда 183 адам түрлі жарақаттар алып, 12 адам қаза тапты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!