ШҚО аумағында биылғы жылғы алғашқы дала өрттері тіркелді

Фотография - ШҚО аумағында биылғы жылғы алғашқы дала өрттері тіркелді

Шығыс Қазақстан аумағында биылғы жылғы алғашқы дала өрттері тіркелді

122 0

Шығыс Қазақстан аумағында биылғы жылғы алғашқы дала өрттері тіркелді.

Қураған шөптің өртенуі Зайсан ауданының Бежан ауылдық округінде Шұбарағаш, Четвертый учаскелерінде, шалғайдағы бару қиын жерлерде болды. 50 гектардан астам алқап отқа оранды.

Құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар өртті түні бойы сөндірді. Жалын 04 сағат 30 минутта ауыздықталды.

Соңғы үш күннің ішінде жеке қосалқы шаруашылықтарда бірнеше ондаған тонна шөп жанып кетті.

Аймақта күн ашылып, ауа райы жылынды. Кеше термометр бағаны 17 градус жылылықты көрсетті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!