Оралда ресейлік боксшыны ұрып кеткен жігіт ұсталды

Фотография - Оралда ресейлік боксшыны ұрып кеткен жігіт ұсталды

 Қазақстанда өткен бокстан халықаралық жарыстың күміс жүлдегері «Оскар» түнгі клубында таяқ жеп, жағы сынған. 

143 0

Оралда ресейлік боксшы Сослан Асбаровты соққыға жыққан күдіктілер үсталды, деп хабарлайды БҚО ІІД баспасөз қызметі. Қазақстанда өткен бокстан халықаралық жарыстың күміс жүлдегері «Оскар» түнгі клубында таяқ жеп, жағы сынған.

БҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, 4 сәуірде сағат 2.30 шамасында облыстық аурухананың травматологиялық бөлімшесіне 20 жасар Сослан Асбаров түскен. Оны қарап шыққаннан дәрігерлер дереу ауруханаға жатқызды.

«Жарыс аяқталғаннан кейін спортшы достарымен бірге «Оскар» түнгі клубына барып, онда азият нәсілді жігіттермен сөзге келісіп қалады. Соңынан олар Асбаровты ұрып кетеді. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 257-бабының 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалуда. Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мен Абай полиция бөлімінің қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 27 жасар жергілікті тұрғынды тұтқындады. Қазір ол уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды, тергеу жалғасуда», - деп хабарлады БҚО ІІД баспасөз қызметі.

Қазір Оралға Дағыстаннан зардап шеккен жігіттің әкесі келіп жетті. Султангусейн Асбаров БАҚ арқылы оның ұлын аяусыз соққыға жыққан жігіттерге қатысты қозғалған қылмыстық істі бақылауға алуды өтініп отыр. 20 жасар жігіт полицияның күзетуімен облыстық аурухананың жақ-бет хирургиясы бөлімінде жатыр.

 

bnews.kz сайтынан

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!