Астанада ер адам бұрынғы жұмыс берушісінің қызметтік көлігін айдап әкетті

Фотография - Астанада ер адам бұрынғы жұмыс берушісінің қызметтік көлігін айдап әкетті

Қазір бұл факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр, көлік иесіне қайтарылды. 

120 0

Астанада ер адам бұрынғы жұмыс берушісінің қызметтік көлігін айдап әкетті, деп хабарлайды елорда ІІД баспасөз қызметі.

«Есіл» аудандық ІІД кезекші бөліміне ЖШС-нің директоры хабарласып, Пригородный кентінде «Тойота Камри» қызметтік көлігінің ұрланғанына шағымданды»,-деп жазылған хабарламада.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Жедел басқару орталығының сыртқы бақылау камералары арқылы «Есіл» аудандық ІІД мен Астана қалалық Жол полициясы қызметкерлері бір сағаттың ішінде күдіктіні қолға түсірді.

29 жастағы елорда тұрғыны көлік кілтінің телнұсқасын түсіріп алған. Сөйтіп қызметтік көлікті жәбірленушінің үйінің ауласынан айдап әкеткен. Сыртқы бақылау камералары арқылы көлік тұрғын үйлердің ауласынан табылды. Күдікті «Тойота Камри» -дың мемлекеттік нөмірін шешіп жатқан.

Қазір бұл факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр, көлік иесіне қайтарылды. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!