Талдықорғанда анасы мен әжесі екі жасар бүлдіршінді сатпақ болған

Фотография - Талдықорғанда анасы мен әжесі екі жасар бүлдіршінді сатпақ болған

Бұл туралы Алматы облысы ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының баспасөз-қызметі мәлімдеп отыр.

124 0

Талдықорғанда туған анасы мен әжесі екі жасар баланы сатпақ болған. Бұл туралы Алматы облысы ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының баспасөз-қызметі мәлімдеп отыр.

ҰҚКБ қызметкерлеріне қала тұрғынының өз баласын ақшаға айырбастамақ болғаны туралы ақпарат түскен.

Мәліметтерді тексеру барысында, полиция қызметкерлері қонақ үйлердің бірінде екі әйелді құрықтаған. Күдіктілерден 13,9 мың АҚШ доллары тәркіленді. Бұл ақша 2 жасар балаға төленген бастапқы сома болғаны анықталды. Бүлдіршіннің анасы мен әжесі оны 30 мың долларға сатпақ болған көрінеді.

Әйелдердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды. Ал кішкентай бала Талдықорғанның «бөбектер үйіне» жіберілді. 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!