Қызылордада құрылыс нысанынан нәрестенің денесі табылды

Фотография - Қызылордада құрылыс нысанынан нәрестенің денесі табылды

 Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз-қызметі хабарлап отыр.  

142 0

Қызылордада жаңа туған нәрестенің өлі денесі табылды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз-қызметі хабарлап отыр. 

Сәбидің денесін салынып жатқан үйде ойнап жүрген балалар тауыпты. Басында олар сәбиді қуыршақ деп ойлаған екен. Алайда, сәбидің өлі денесі екенін түсінген олар полиция бөлімшесіне өздері хабарласқан көрінеді. Баланың анасы көп ұзамай қолға түсті.

Тексеру барысында баланың анасы Жалағаш ауданының тұрғыны, 1987 жылғы әйел екені анықталды. Соңғы жылдары туыстарының үйінде тұрғанын айтқан ол, некесіз туған сәбиді ата-анасына көрсетуге қорыққандығын алға тартып, ақталмақ болған.

Бүгінде әйел ауруханада, дәрігерлер мен тәртіп сақшалырының бақылауында. Қылмыстық іс қозғалып отыр.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!