ОҚО-да әжесі мен жақындарын аяусыз өлтірген 24 жастағы жігіт ұсталды

Фотография - ОҚО-да әжесі мен жақындарын аяусыз өлтірген 24 жастағы жігіт ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылындағы үш адамның өліміне қатысты елді елең еткізген тағы бір қылмыстың бетін ашты

119 0

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылындағы үш адамның өліміне қатысты елді елең еткізген тағы бір қылмыстың бетін ашты.

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметтерінде хабарланған.

Естеріңізге сала кетейін, 7 сәуір күні өз үйінде пышақ жарақаты салынған үй иесінің, атап айтқанда, 66 жастағы әйел адамның және оның екі қызының мәйіттерін көршілері тауып алды.

«Үй иесінің денесінен пышақтан болған 12 жарақат анықталса, үлкен қызының өлімі - бас сүйегіне ашық зақым келуінен болғаны анықталды. Ал сараптама көрсеткендей, 39 жастағы кіші қыздың денесінен 51 пышақ жарақаты, оның ішінде 15 - терең, соның 4-еуі жүрек тұсына кіргендігі белгілі болды. Аталған қылмыстың бірнеше күн бұрын жасалғандығы анықталды»,-делінген бұл мәліметтерде.

Жергілікті полиция қызметкерлері қылмыс куәгерлерін анықтау мақсатында ауыл айналасында тексеріс жүргізгенімен, ол айтарлықтай нәтиже берген жоқ.

Жәбірленушілерді соңғы сапарға шығарып салуға келген жақын туыстарын сұрау барысында олардың бірінің - үй иесінің 24 жастағы немересінің еш алаңсыз тұрысы күдік туғызған. Кейін белгілі болғандай қылмыс жасаған күні жас жігіт жәбірленушіге қалалық телефонды ажыратуға сенімхат алуға келеді, бірақ оған туыстары сенімхатты бермейді. Осы жанжалдан кейін жігіт мас күйде келіп оларды өлтірген.

Сонымен бірге күдіктінің пәтерін тінту кезінде қылмыс құралы - пышақ және қан іздері бар аяқ киім табылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!