Алматыда ресейлік өз әкесін өлтірген деп күдіктелуде

Фотография - Алматыда ресейлік өз әкесін өлтірген деп күдіктелуде

Алматы қаласы ІІД-нің криминалдық полиция қызметкерлері 64 жастағы әкесін өлтіріп, оның мәйітін үй ауласына көміп тастаған 29 жастағы Ресей Федерациясының азаматын тұтқындады

195 0

Алматы қаласы ІІД-нің криминалдық полиция қызметкерлері 64 жастағы әкесін өлтіріп, оның мәйітін үй ауласына көміп тастаған 29 жастағы Ресей Федерациясының азаматын тұтқындады деп мәлімдеді Қазақстан ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Егде жастағы ер адамның жоғалғандығы жөніндегі хабар Алматы қаласы Медеу аудандық ІІБ-не ағымдағы жылғы ақпан айында келіп түскен.

«Зейнеткердің жоғалып кетуіне оның ұлының, яғни Алматы қаласында уақытша тұрып жатқан көршілес мемлекет азаматының, қатыстылығы тексерілді.Тергеу-іздестіру шаралары нәтижесінде 15 наурыз күні із-түссіз жоғалып кеткен азаматтың үйінің ауласынан 5 метр тереңдікте адам мәйіті табылды. Сараптама қорытындысы көрсеткендей, жәбірленушінің өлімі жақ сүйегінің сынуынан болған»,-деп ақпараттандырды Ораз брифингте.

Оның айтуынша, тергеу барысында күдікті пайда көздеп қылмыс жасағандығын мойындады.

«Белгілі болғандай, әкесінің жалғыз мұрагері саналған ол жол құрылысына байланысты бұзу жоспарланған әкесінің үйін өтемақы алу мақсатымен иеленуді жоспарлаған»,-деп қосты ол.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!