Ер адамның өліміне қатысы бар деген күдікпен оның туысы ұсталды

Фотография - Ер адамның өліміне қатысы бар деген күдікпен оның туысы ұсталды

Тәртіп сақшылары Сарыағаш ауданындағы тас жол маңында зорлық-зомбылықпен өлтірілген ер адамның мәйітін тапқан

194 0

Тәртіп сақшылары Сарыағаш ауданындағы тас жол маңында зорлық-зомбылықпен өлтірілген ер адамның мәйітін тапқан.

Оның тұлғасы бірден анықталды. 45 жастағы адам Сарыағаш ауданының тұрғыны екен. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес ер адам желкесіне тиген қатты соққының салдарынан мерт болған. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, полицейлер қылмыскерді іздеуге кірісті. Араға апта салып 34 жастағы жергілікті тұрғын қолға түсті. Ол қаза тапқан жанның зайыбының ағасы болып шықты.

Туыстар арасында жиі дау шыққаны анықталды. Марқұм өз әйелін ұрып-соққан, ал қарындасына ағасы араша түскен. Оқиға болған күні де олардың үйінде ұрыс-керіс шыққан. Күдіктінің апасы күйеуін ертіп туыстарының үйіне келген. Алайда шақырылмаған қонақты олар шығарып жіберген.

Кейін күдікті апасын ренжіткен күйеу баласының сазайын тарттыруға бекінеді. Оны соққыға алып, қолына түскен құбырмен басынан ұрады. Алған жарақаттан ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК «Кісі өлімі» 96-шы бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Бүгінде тергеу жұмыстары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!