Шымкентте әкімдіктің қызметкері облыстық басқармадағы лауазымын 50 мың долларға сатпақ болған

Фотография - Шымкентте әкімдіктің қызметкері облыстық басқармадағы лауазымын 50 мың долларға сатпақ болған

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің қызметкерлері Шымкентте қалалық әкімдіктің кадр қызметінің бас маманына қатысты қылмыстық іс қозғалды

341 0

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің қызметкерлері Шымкентте қалалық әкімдіктің кадр қызметінің бас маманына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деді ведомствоның баспасөз хатшысы Анель Матиева.

«Бұл әйел өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы бастығының орынбасарын тағайындамақ болды. Оның бұған ешқандай өкілеттігі жоқ болатын. Өз қызметін ол 50 мың АҚШ долларына бағалады», – деді Матиева.

Алаяқтық жасауға ұмтылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды (ҚР ҚК 28-бабы, 3-б-177 4-б. «б» т.).

Қазіргі кезде қылмыстық іс тексерілуде және басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.


Тегтер:

пара

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!