Өскемен құтқарушылары жоғалып кеткен балықшыны іздестіруде

Фотография - Өскемен құтқарушылары жоғалып кеткен балықшыны іздестіруде

Үлбі құтқару стансасының құтқарушылары түнде Ертіс өзенінің Пограничная көшесі аймағында жоғалып кеткен 72 жасар балықшыны іздестіруін жалғастыруда

197 0

Үлбі құтқару стансасының құтқарушылары түнде Ертіс өзенінің Пограничная көшесі аймағында жоғалып кеткен 72 жасар балықшыны іздестіруін жалғастыруда. 10 сәуірде түнде ер адам балық аулауға кетіп, содан оралмапты. Оның суға батып кетуі ықтимал.

ІІД жедел басқару орталығының мәліметтеріне сәйкес, жағалауды тексеру барысында ер адамның велосипеді мен сөмкесі, ағыс бойынша төмен қарай жүре бергенде балық аулау құралдары табылған. Қазіргі таңда оның өзі табылмады, іздестіру жалғасуда, деді ТЖ департаментінде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!