Алматыдағы мектепте от шығып, 800 бала қауіпсіз жерге көшірілді

Фотография - Алматыдағы мектепте от шығып, 800 бала қауіпсіз жерге көшірілді

Алматы қаласында №76 мектепте өрт шыққан. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ

206 0

Алматы қаласында №76 мектепте өрт шыққан. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Алматыда №76 орта мектепте кеше сағат 11.05-те ғимараттың техникалық қабаты қызыл жалынға оранған. Оқиға орнына құтқарушылар жеткен соң, тілсіз жау ауыздықталды. Оған ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 11 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Жалын 1 м2 аумақты жайпаған. Ғимараттан 830 адам қауіпсіз жерге көшірілсе, оның 800-і тәлім алушылар. Зардап шеккендер жоқ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!