Өрт салдарынан 63 жастағы әйел зардап шекті

Фотография - Өрт салдарынан 63 жастағы әйел зардап шекті

Алматының Түркісіб ауданында 6 пәтерлі тұрғын үйде өрт шыққан. Соның салдарынан 63 жастағы әйел түрлі деңгейдегі күйікпен ауруханаға жеткізілді

209 0

Алматының Түркісіб ауданында 6 пәтерлі тұрғын үйде өрт шыққан. Соның салдарынан 63 жастағы әйел түрлі деңгейдегі күйікпен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматыда Осипенко көшесінде орналасқан бір қабатты алты пәтерлі үйде кеше сағат 13.17-де өрт шыққан. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 26 маманы мен 7 техникасы жұмылдырылды.

Жалын 400 м2 аумақты шарпыған. 10 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт салдарынан 63 жастағы әйел түрлі деңгейдегі жарақаттармен дереу ауруханаға жеткізілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!