Қызылордада жас жігіт жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Фотография - Қызылордада жас жігіт жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Жақындары оны қаладағы кафелердің бірінде отырған жерінен полицейлер сөйлесу үшін көліктеріне мінгізіп алып кеткендігін айтуда. Марқұм болған Арман Махамбетовтың туыстары енді оның өліміне полиция өкілдерін кінәлап отыр. Арманның артында тұяғы да қалмады.

269 0

Ал облыстық ішікі істер департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы жұмбақ жағдайда көз жұмған 27 жастағы Арман Махамбетовтың өліміне полицейлер кінәлі емес деген мәлімдеме жасады. Айтуларынша, жігітті тәртіп сақшылары мүліктік қылмыстарға қатысты сұрақ-жауап алу мақсатында Ішкі істер бөліміне алып келмек болған. Бірақ, ол өз бетінше көліктен секіріп кеткен көрінеді.

ДІНМҰХАНБЕТ ӘБДІҚАСЫМОВ, ОБЛЫСТЫҚ ІІД ӨЗІНДІК ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Оқиға байланысты қасындағы жолдастарын сұрастыру барысында азамат Махамбетовтың жүріп келе жатқан автокөліктен өзінің секіріп кеткендігі, яғни оларға қатысты полиция қызметкерінің тарапынан күш қолдану немесе психологиялық қысым болмағанын көрсетіп отыр.

Қазіргі таңда екі қызметкер қызметінде, бірақ оларға қатысты қызметтік тергеу жүргізілуде.

Тегтер:

полиция

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!