Алматыда өртеліп кеткен мәйіттің кім екені анықталды

Фотография - Алматыда өртеліп кеткен мәйіттің кім екені анықталды

Алматы облысының полицейлері өртеніп кеткен мәйіттің жеке тұлғасын анықтады, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаменті.

249 0

Алматы облысының полицейлері өртеніп кеткен мәйіттің жеке тұлғасын анықтады, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаменті.

Алматы облысы ІІД Еңбекшіқазақ ауданы ІІБ бастығы, полиция полковнигі Марат Күштібаевтың айтуына қарағанда, ол - Қырғыз азаматы, Ош облысы, Өзген қаласынан келген 42 жастағы Хобиболла Нематов.

Естеріңізге сала кетсек, 9 сәуірде Алматы-Көкпек-Көктал тасжолының 134 шақырымында өртеніп кеткен ер адамның денесі табылған. Мәйіт жолдың сол жағында жатқан. Қылмыс орнында адамның жеке тұлғасын анықтайтын ешқандай куәлігі болмаған.

«Арнайы құрылған жедел-тергеу тобы бірнеше күн өлген адамның тұлғасын анықтай алмады. Бізге белгілісі тек - азиялық нәсілді ер адам, жасы 25-30 шамасында болатын. Оның үстіндегі бар киімі өртеніп кеткендіктен кім екенін анықтау қиынға соқты. Қорлықпен өлтірілгені айқын көрініп тұрды. Оның кім екендігін анықтау үшін бар күшімізді жұмсадық. Оған ақпарат құралдары арқылы қоғамда атсалысты. Арада төрт күн өткен соң ғана өлген адамның кім екені анықталды. Содан соң ғана қылмыстың қалай жасалғандығы туралы бірнеше болжам жасадық. Оның ішінде болуы мүмкін деген болжалымыз жедел операция барысында нақтыланды», - дейді М. Күштібаев.

Оның айтуына қарағанда Хобибулла Нематов Алматы облысына жұмыс іздеп, күнкөріс үшін келгеніне бірнеше ай болған. Талғар ауданында жеке шаруа қожалығында еңбек еткен. 5 сәуір күні оны иесінің інісі қатты соққыға жыққан.

- Ол кешке дейін лашықта жатып қалған. Жұмыс беруші жалдамалының өліп қалғанына көзі жеткен соң, мәйіттен осылайша құтылғысы келген, деп түсіндіреді М.Күштібаев.

«Ол мәйітті үлкен темір бөшкеге салып, үстінен қақпақпен дәнекерлеп тастаған. Одан соң малдың азығы деген сылтаумен бөшкені жалдап алған жүк көлігіне салып, Байсейіт ауылының маңайындағы өріске жеткіздірткен. Ал, көлік жүргізушісі кетіп қалғандықтан оның не істегенінен хабарсыз болып шықты», - дейді ІІД.

Қазір 50 жастағы күдікті Талғар ауданы Қызыл Қайрат ауылының тұрғыны  ұсталды, ол бұрын сотталмаған, еш жерде жұмыс істемейді. Айыбын толық мойындады. Тергеу әлі аяқталған жоқ», - деп түйіндеді Марат Күштібаев.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!