Ресеймен шекарада қостанайлық контрабандашы есірткінің ірі партиясымен ұсталды

Фотография - Ресеймен шекарада қостанайлық контрабандашы есірткінің ірі партиясымен ұсталды

Қарабалық ауданында аса ірі көлемде есірткі құралдарының контрабандасы үшін Федоров ауданының 21 жастағы тұрғыны ұсталды

151 0

Қарабалық ауданында аса ірі көлемде есірткі құралдарының контрабандасы үшін Федоров ауданының 21 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлады Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.

Контрабандашы «Қайрақ» бақылау-өткізу бекеті арқылы Рудныйдан Челябіге жол тартқан болатын. Шекара қызметінің қызметкерлері Қарабалық АІІБ полициясымен бірлесіп, күдіктінің заттарын тінтуде қызметтік иттің көмегімен оның спорттық сөмкесінің ішкі қалтасынан оралған  марихуананы тапты. Есірткінің салмағы 1 келі 212 грамм болды.

Қарабалық АІІБ бастығының орынбасары Амантай Ағайдаровтың айтуынша, күдікті марихуананы тауып алғанын, ал Ресейге өзі қолдану үшін апара жатқанын айтқан. Қазіргі кезде ол тұтқынға алынды. ҚР ҚК 4-бөлімі 250-бабымен  қылмыстық іс қозғалды.

Бұл жыл басынан бері «Қайрақ» бақылау-өткізу бекетінде тіркелген 11-ші факті.  


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!