Әкесі 5 жасар қызын ұрып өлтірді

Фотография - Әкесі 5 жасар қызын ұрып өлтірді

Астанада тағы бір жантүршігерлік қылмыс тіркелді. Ішімдікке сылқия тойып алған әкесі туған қызын өлімші етіп сабаған.

170 0

Бес жасар қызын бақилық еткен безбүйрек әке. Астанада тағы бір жантүршігерлік қылмыс тіркелді. Ішімдікке сылқия тойып алған әкесі туған қызын өлімші етіп сабаған.

Анықталғандай сол сәтте үйде тағы да 3 бүлдіршін болған екен. Қатыгез әкей кішкене қызын сабап қана қоймай, денесін ыстық сумен күйдіріп, артынша өзі ұйықтап қалған. Ес-түссіз жатқан қызын жұмыстан келген анасы көріп жедел жәрдем шақырған.

ӘЛІМЖАН ҚАЛЫМҚҰЛОВ, №2 ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Баланы әкелген кезде денесінде көптеген ісіктер бар. Көгерген жерлер бар. Жамбасында термикалық күйіктердің белгілері бар. Ең маңыздысы - өте ауыр бас миының соғылу травмасы болған. Соның бәрі баланы сондай жағдайға әкелді.

Миына ота жасалған бүлдіршін үш жұмадан кейін есін жимастан жан тәсілім еткен. Дәрігерлердің айтуынша, баланың денесінде өзге де жарақат іздері көп болған. Осыған қарағанда "әкесі балаларын бұрын да ұрып келуі ықтимал", - дейді олар. Қазір тасбауыр әке уақытша қамау абақтысына жабылды.

ГҮЛНАР ПИНЧУК, ОБЛЫСТЫҚ ІІД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Қазір осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 103-ші бабының 3-ші тармағы бойынша, яғни қасақана адам денесіне жарақат салу арқылы өлімге әкелу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!