Қызылорда облысында ауыл әкімі адам қағып өлтірді

Фотография - Қызылорда облысында ауыл әкімі адам қағып өлтірді

Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарайтын Ақсу ауылының әкімі көлігімен 19 жасар қызды қағып, салдарынан бойжеткен көз жұмды.

200 0

Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарайтын Ақсу ауылының әкімі көлігімен 19 жасар қызды қағып, салдарынан бойжеткен көз жұмды.

Белгілі болғандай, қайғылы жайт алдында шенеунік спирттік ішімдікке сылқия тойып, көлігін тізгіндеген екен. Жол жиегімен кетіп бара жатқан жас қызды қаққаннан кейін ол оқиға орнынан ізін де жасырған. Дегенмен, тәртіп сақшыларына кінәліні ұстау аса үлкен қиындық туғыза қойған жоқ. Қолға түскен әкім сол мезетте қызметінен де босаған.

«Жәбірленуші аса ауыр халде ауруханаға түсті. Біз қолымыздан келген жәрдемнің барлығын жасадық. Алайда, оның жағдайы жақсарған жоқ. Бір жарым сағат өткеннен кейін ол алған дене жарақаттарының салдарынан көз жұмды» дейді Жалағаш аудандық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Оспанов.

Қазіргі таңда күдіктінің үстінен жол ережесін бұзғандығы және оқиға орнынан қашып кеткендігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді экс-әкім бес жылға сотталуы мүмкін.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!