Астанада қызды зорлап, айуандықпен өлтіргендер ұсталды

Фотография - Астанада қызды зорлап, айуандықпен өлтіргендер ұсталды

Айтуға ауыз бармайтын ауыр қылмысты ашу үшін полиция қызметкерлері барлық болжалдар бойынша іске кірісті.

360 0

Астанада 14 сәуір күні түнде «Газмаш аппаратура» саяжайына жақын жердегі ағаштар арасынан айуандықпен өлтірілген жас қыздың денесі табылған болатын. Оқиға орнына қалалық Ішкі істер департаментінің бастығы Амантай Әубәкіров басқарған жедел-тергеу тобы аттанған еді, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

«Оқиға орнын тексеру кезінде қызды зорлап, сосын өлтіргені белгілі болды. Қорлық көрсеткені көрініп тұр. Оның денесінде кесіп-тілінген жарақаттары болған, жағы, мұрны, тістері сынған, сонымен бірге басқа да өлімге соқтырар ауыр соққылар алған», - деп көрсетілген хабарламада.

Айтуға ауыз бармайтын ауыр қылмысты ашу үшін полиция қызметкерлері барлық болжалдар бойынша іске кірісті.

Елорда полициясының басшысы Амантай Әубәкіровтің айтуына қарағанда, мәйіт табылған соң, қылмыскерді анықтау үшін машақаты көп ауыр жұмыс қолға алынған. Қылмысқа қатысты ақпарат пен айғақтар аз болса да біртіндеп жинақталды. Полицейлер келесі күні қылмыскерлердің ізіне түскен.

Қыздың өліміне қатысы бар үш жас жігіт бір тәулікке жетпейтін уақытта анықталып, қамауға алынды. Олардың екеуі Ақмола облысынан 1992, 1995 жылғы бұрын сотталғандар, үшіншісі Қарағанды облысынан 1991 жылғы. Барлығы да бірге бір кәсіпорында жүкші болып істеген.

Құқық қорғаушылар оқиғаның былай өрбігенін анықтады, 14 сәуір күні кешке ұсталғандар саяжай аумағында ішімдікке тойып алып, белгісіз қыздың сөмкесін тартып алған. Өзін ағаш арасына апарып, ұрып-соққан. Сынған бөтелкемен кескілеген. Ақыры айуандықпен қызды өлтірген.

Ұсталғандардан айғақ болар заттар алынған. Осы қылмыстық іс бойынша  ҚР ҚК 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар Астана қ. ІІД Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Қазір олардың басқа да қылмысқа қатыстылығы анықталуда.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!