Талғар қаласы әкімінің міндетін атқарушы пара алды деген күдікпен ұсталды

Фотография - Талғар қаласы әкімінің міндетін атқарушы пара алды деген күдікпен ұсталды

Алматы облысының қаржы полицейлері Талғар қаласы әкімінің міндетін атқарушы шенеунікті қызметтік кабинетінде кәсіпкер әйелден 850 мың теңге көлемінде пара алу үстінде ұстады

203 0

Алматы облысының қаржы полицейлері Талғар қаласы әкімінің міндетін атқарушы шенеунікті қызметтік кабинетінде кәсіпкер әйелден 850 мың теңге көлемінде пара алу үстінде ұстады.

Облыстық прокуратурадан мәлім еткендей, қала басшысы бұл соманы әйелден сауда нысанын салуға жер учаскесін бөлу үшін сұраған.

Онымен қоса, тінту барысында Талғар қаласы әкімінің міндетін атқарушыдан аталмыш кәсіпкер бұған дейін табыстаған ақша қаражаты табылды. Алынған ақшаның жалпы сомасы 1 миллион теңгені құрады.

Бүгінгі таңда тергеу іс-шаралары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!