13 жасар қызды жезөкшелікке мәжбүрлеген

Фотография - 13 жасар қызды жезөкшелікке мәжбүрлеген

деп хабарлайды Облыстық ІІД баспасөз қызметі.

185 0

Алматы облысы Текелі қаласының тұрғыны 13 жасар жиенін жезөкшелікпен айналысуға итермелегені үшін сотталды, деп хабарлайды Облыстық ІІД баспасөз қызметі.

«Текелі қаласының 28 жасар тұрғыны жасөспірім қызды жезөкшелікпен шұғылдануға мәжбүрлегені үшін сот шешімімен 7 жылға бас бостандығынан айырылды»,–делінген хабарламада.

Сотталушы 2012 жылы желтоқсан айында тұтқындалған болатын. Тергеу кезінде полицейлер күдіктінің жиенін әлденеше рет интим қызмет көрсетуге мәжбүрлегенін анықтады. Сот «жеңгетайды» «Кәмелетке толмағанды сату», « Кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен шұғылдануға мәжбүрлеу», т.б баптары бойынша айыпты деп тапты. Ал жапа шеккен қыздың шешесі бұл мезгілде көрші қалаға табыс табуға кеткен екен. Сот шешімі күшіне енді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!