Полицейлер елорда тұрғынынан 10 келіден астам героин тәркіледі

Фотография - Полицейлер елорда тұрғынынан 10 келіден астам героин тәркіледі

Қазіргі таңда есірткі затын тасымалдайтын арнаны анықтау мақсатында жедел-іздестіру, арнайы және тергеу шаралар кешені жүргізілуде

160 0

Көліктегі ІІД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы және Астана қаласы ІІД-нің «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімше қызметкерлері ұзақ әзірліктен соң қызметтік із кесуші иттің көмегімен Астана қаласының тұрғыны - 59 жастағы әйел адамды қолға түсірді. Бұдан бұрын да есірткі қылмысы үшін сотталған оның үйінен 10 келі 536 грамм есірткі заты тәркіленіп алынды деп хабарлайды Қазақстан ІІМ баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда есірткі затын тасымалдайтын арнаны анықтау мақсатында жедел-іздестіру, арнайы және тергеу шаралар кешені жүргізілуде.

Аталған қылмыс бойынша мүлік тәркіленіп, 10-нан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!