Төрт бүлдіршінді ұрлаған кейуана ұсталды

Фотография - Төрт бүлдіршінді ұрлаған кейуана ұсталды

Атырау облысында 4 бүлдіршінді туған анасынан айырып, алып кетпекші болған әйел ұсталды. Ол туған немерелерін шекара асырып жібермек болған.

154 0

Атырау облысында 4 бүлдіршінді туған анасынан айырып, алып кетпекші болған әйел ұсталды. Ол туған немерелерін шекара асырып жібермек болған.

12 сәуір күні қостанайлық Зулихан Юсупходжаева балаларын үйден таппай қалады. Кейін оларды орта жастан асқан бір әйелдің Астана-Атырау пойызымен әлдебір жаққа алып кеткендігі анықталады. Іле ізіне түскен Зулихан Атырау стансасына келіп, жергілікті желілік ішкі істер басқармасына арызданады. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында балалар табылып, ұрлықшы әже жауапқа тартылды. Тәртіп сақшылары кейуана бұл қылмысқа мұқият дайындалып, саналы түрде барғандығын айтуда.

Асылбай ӨКЕШОВ, ІІБ Криминалды полиция бөлімінің бастығы:

- Шекарадан өту мақсатында жасанды құжаттар дайындаған. Туу туралы куәлік, неке кітапшасын қайта дайындап, соынмен бүгін шекара арқылы өтпекші болған жерінен Атырау қаласында ұсталды.

Зулихан ЮСУПХОДЖАЕВА, балалардың анасы:

- Сол күні көз ілместен таңға дейін іздедік. Ақыры Атыраудан балаларымды тауып отырмын. Сол үшін теміржолдың криминалды полиция қызметкерлеріне айтар алғысым шексіз.

Күйеуінен ажырасқан соң Зулихан 4 баласымен Қостанай облысындағы туыстарымен бірге тұрып келгендігі белгілі болды. Ал күйеуі Шешенстанда қалған. Әжелері Зара Джамалханова немерелерін көруге, ал көнсе келінін еліне алып кетуге арнайы Шешенстаннан келген. Алайда ортақ ымыраға келе алмаған соң, әжесі осындай қадамға барған. Ал ол өз әрекетін дұрыс деп отыр.

Зара ЖАМАЛХАНОВА, әжесі:

- Балалар мүлде қараусыз қалған. Аш-жалаңаш. Мектепке бармаған соң мүлде сауатсыз. Ал келін жылдың 6 айын Шешенстанмен екі ортада өткізуде. Осындай тәрбиеден немерелерімді құтқарғым келді.

Атыраулық тәртіп сақшылары кейуананы облыс орталығында ұстады. Ол кешкілік жүретін «Атырау-Астрахан» пойызымен шекара асып кетпекші болған. Қазірде балалар туған анасына қайтарылды. Ал ұрлықшы кейуананың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тұтқын Қостанай облысына жолданды. Зулихан Юсупходжаева енді балаларымен туған үйіне қайтатын болады.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!