ШҚО-да жолаушылары бар көлік жер астына түсіп кетті

Фотография - ШҚО-да жолаушылары бар көлік жер астына түсіп кетті

Оқиға Белоусов кен орнының «Новая» шахтасының маңындағы «Надежда» шаруа қожалығының қарақұмық алқаптарында орын алды

269 0

Шығыс Қазақстан облысында жолаушылары бар көлік жер астына түсіп кетті.

Бұл туралы «Экспресс К» газеті хабарлап отыр.

Оқиға Белоусов кен орнының «Новая» шахтасының маңындағы «Надежда» шаруа қожалығының қарақұмық алқаптарында орын алды. УАЗ-452 көлігі таңсәріде механизаторларды жұмысқа алып бара жатып, кенеттен жер астына түсіп кеткен.

Көліктің артынан ерген тракторшы үрейі ұша өз алдынан алып шұңқырды көрді. Ол сақтықпен шұңқырдың түбіне қарады: төменде көлік жатты, ал жанында қанға боялған ер адамдар болды. Жер асты дүмпуін шахтерлар да сезген көрінеді. Олар сол кезде аусымдарын аяқтап, жұмыс орындарынан кетуге жиналған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!