ШҚО-да жолаушылары бар көлік жер астына түсіп кетті

Фотография - ШҚО-да жолаушылары бар көлік жер астына түсіп кетті

Көліктің артынан ерген тракторшы үрейі ұша өз алдынан алып шұңқырды көрді

250 0

Шығыс Қазақстан облысында жолаушылары бар көлік жер астына түсіп кетті.

Оқиға Белоусов кен орнының «Новая» шахтасының маңындағы «Надежда» шаруа қожалығының қарақұмық алқаптарында орын алды. УАЗ-452 көлігі таңсәріде механизаторларды жұмысқа алып бара жатып, кенеттен жер астына түсіп кеткен.

Көліктің артынан ерген тракторшы үрейі ұша өз алдынан алып шұңқырды көрді. Ол сақтықпен шұңқырдың түбіне қарады: төменде көлік жатты, ал жанында қанға боялған ер адамдар болды. Жер асты дүмпуін шахтерлар да сезген көрінеді. Олар сол кезде аусымдарын аяқтап, жұмыс орындарынан кетуге жиналған еді.


Тегтер:

авария

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!