Автомобиль жүргізушілеріне қарағанда мотоциклшілер жол апатына 4 есе жиі түседі

Фотография - Автомобиль жүргізушілеріне қарағанда мотоциклшілер жол апатына 4 есе жиі түседі

Осыған байланысты жол полициясы мотоциклшілердің қатысуымен болатын жол апатының алдын алу шараларын қолға алған.

136 0

Қарағанды облысында 2013 жылдың наурызы мен сәуір айларында мотоциклшілер мен мопед жүргізушілерінің қатысуымен 9 жол көлік апаты орын алған. Соның салдарынан 1 адам қаза тауып, 8 адам түрлі жарақаттанды. Бұл туралы облыстық ІІД-нен хабарлады.

Полицейлердің айтуынша, 2012 жылы облыс аумағыда мотоциклшілердің қатысуымен 50 ЖКО орын алған, оларда 9 адам қаза тауып, 51-і жарақат алды. 2011 жылы 44 ЖКО-нан 8 адам мерт болып, 44-і жарақаттанған.

«Қарағанды облысында 330 мыңнан астам көлік құралы тіркеуге алынған. Орташа есеппен алғанда жылына 370 көліктің бірі апатқа ұшырайды, ал мотоциклшілердің қатысуымен болатын жол апаттарына келсек, жылына 94 мотоциклдің бірі жол апатына түседі. Яғни автомобиль жүргізушілеріне қарағанда мотоциклшілер жол апатына 4 есе жиірек түседі»,-деді ІІД баспасөз қызметі.

Осыған байланысты жол полициясы мотоциклшілердің қатысуымен болатын жол апатының алдын алу шараларын қолға алған.

Қарағанды облысының жол полициясында 4702 мотоцикл тіркеуде тұр. Әрі мотоцикл сатып алушылар қатары жал сайын артып келеді. 2011 жылы 196 мотоцикл тіркеуде тұрса, 2012 жылы – 381 болды, ал биылғы жылдың алғашқы тоқсанында бұл көрсеткіш 96-ға жетіп отыр.

Облыстық жол полициясы басқармасы барлық байкерлерге жол ережесін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

авария

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!