Петропавлда ұлы анасын қорғаймын деп, әкесін өлтірген

Фотография - Петропавлда ұлы анасын қорғаймын деп, әкесін өлтірген

 Солтүстік Қазақстан облысында анасын қорғамақ болған ұлы әкесін жазым қылды. Бұл туралы, өңірдің Ішкі істер департаменті хабарлады.

139 0

 Солтүстік Қазақстан облысында анасын қорғамақ болған ұлы әкесін жазым қылды. Бұл туралы, өңірдің Ішкі істер департаменті хабарлады.

17 сәуір күні түнгі сағат 3 шамасында Ішкі істер департаментінің Жедел қызмет көрсету орталығына Петропавл қаласында қарасты Мапровская ауылында 51 жастағы кісінің қайтыс болғаны туралы ақпарат келіп түскен.  Құқық қорғау орыны қызметкерлері айтылған мекенжайға бірден бет алған. Белгілі болғандай, ажал құшқан еркек әйелімен және 27 жастағы ұлымен бірге арақ ішкен көрінеді. Қайғылы оқиға осының салдарынан болған.

Ащы суға әбден мас болған ерлі-зайыпты ұрсысып қалып, арты үлкен жанжалға ұласқан. Әке-шешесінің төбелесіп жатқанын көрген ұлы бірден анасын арашалап, әкесінің арқасынан ұрған. Ауыр соққы алған 51 жастағы отағасы есін жинамастан, қайтыс болған.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!