Екібастұзда сауда үйі отқа оранды

Фотография - Екібастұзда сауда үйі отқа оранды

Бейсенбі күні таңертең Павлодар облысының Екібастұз қаласында «Сәуле» сауда үйінде өрт болып, жалын 120 шаршы метр аумақты шарпыды

187 0

Бейсенбі күні таңертең Павлодар облысының Екібастұз қаласында «Сәуле» сауда үйінде өрт болып, жалын 120 шаршы метр аумақты шарпыды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нен хабарлады.

Өрт салдарынан халық тұтынатын тауарлары бар 8 дүңгіршек күлге айналды, тағы бесеуі жарым-жартылай зақымданды. Абырой болғанда, зардап шеккен жандар жоқ. Тілсіз жау 1,5 сағаттан кейін ауыздықталды. Оған ҚР ТЖМ Павлодар облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 27 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының Деркөл елдімекенінде бейсенбі күнің таңғы сағат төртте саяжайлық үйдің 48 шаршы метр аумағын жалын шарпыды. Өрт 2,5 сағаттан кейін сөндірілді. Оны ауыздықтаумен ҚР ТЖМ БҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің 6 маманы мен 2 техникасы айналысты. Оқиға орнынан 29 жастағы әйелдің мүрдесі табылды. 40 жастағы ер адам түрлі деңгейдегі күйік жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!