Көкшетауда телефон арқылы ақша жымқырған алаяқ 6 жылға сотталды

Фотография - Көкшетауда телефон арқылы ақша жымқырған алаяқ 6 жылға сотталды

Көкшетау қаласында алаяқ азаматтардың үй телефон нөмірлерін кездейсоқ теру арқылы өзін полиция қызметкері етіп таныстырып және әңгімелесушінің баласы аса ауыр қылмыс жасағаны үшін (көбінесе есірткі сақтағаны және тасымалдағаны үшін) ұсталғандығын айтып, және осы қылмысты жабу үшін ақшалай қаражат талап еткен

174 0

Көкшетау қаласында алаяқ азаматтардың үй телефон нөмірлерін кездейсоқ теру арқылы өзін полиция қызметкері етіп таныстырып және әңгімелесушінің баласы аса ауыр қылмыс жасағаны үшін (көбінесе есірткі сақтағаны және тасымалдағаны үшін) ұсталғандығын айтып, және осы қылмысты жабу үшін ақшалай қаражат талап еткен. Кейбір азаматтар келісіп және балаларының нақты орналасқан жерін анықтап алмай алаяққа ақшалай қаражаттарын берген.  Өткізілген іздеу іс-шаралары барысында берілген қылмыскер қылмыстық қуғындау органдарымен ұсталды деп хабарлайды Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.


«Тергеу барысында алаяқтың әрекетінен зардап шеккен 21 тұлға анықталды және жәбірленуші деп танылды. Жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша ҚР ҚК-нің 177 бабының 2 бөлігінің «б» тармағы бойынша көзделген қылмыстың алты эпизоды бойынша айып тағылды және алаяқ сотқа берілді. Көкшетау қалалық сотымен ол  мүлкі тәркіленіп 6 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды»,-делінген хабарламада.


Бұл мысалда тағы да азаматтарды әсіресе біреуге ірі ақшалай соманы және қымбат мүлікті беру туралы шешім қабылдауда қырағы болуға шақырамыз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!