Атырауда лаңкестікке күдіктілерге сот үдерісі басталды

Фотография - Атырауда лаңкестікке күдіктілерге сот үдерісі басталды

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық сотында  лаңкестікке күдікті жергілікті  16 тұрғынның  ісін қараған сот  үдерісі басталды.  Сот тыңдаулары әзірге жабық есік жағдайында, үлкен  қауіпсіздік режимінде өткізіліп жатыр

156 0

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық сотында  лаңкестікке күдікті жергілікті  16 тұрғынның  ісін қараған сот  үдерісі басталды.  Сот тыңдаулары әзірге жабық есік жағдайында, үлкен  қауіпсіздік режимінде өткізіліп жатыр.

Биылғы жылдың басында облыстың құқық корғау және арнаулы қызмет органдары   тәртіп сақшыларына қарсы  лаңкестік  әрекет жасауды жоспарлаған  топты  анықтап, ұстаған болатын. 2013 жылғы 6 ақпанда Атырау облысының Ұлттық қауіпсіздік департаменті топ жетекшісі мен басқа да белсенді мүшелеріне қатысты қылмыстық іс  қозғады. Топ мүшелерінің тұрғылықты жерлерінен  аңшылық  шолақ мылтықтар мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың  компоненттері, т.б.  тәркіленген еді.

Атырау облыстық соты баспасөз қызметінің  берген мәліметтері бойынша,  сотталушылар Атырау қаласы, Жылыой, Құрманғазы, Қызылқоға аудандарының тұрғындары, олардың жасы 18-ден 47 -ге дейінгілер. Оларға Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің бірнеше  бабы бойынша айып  тағылып отыр, оның ішінде лаңкестік әрекеттерді насихаттау немесе лаңкестік  әрекет жасауға ашық шақыру, лаңкестік топтар құру, оған басшылық жасау және олардың қызметтеріне қатысу, тағы басқа да жағдайлар бар,

Сот үдерістеріне 2 мемлекеттік айыптаушы, 8 адвокат, 2 аудармашы және 97 куәгер қатысуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!