«Атырау» волейбол командасының шотынан 28 млн. теңге жымқырылған

Фотография - «Атырау» волейбол командасының шотынан 28 млн. теңге жымқырылған

Атырау облыстық қаржы полициясы жалған құжаттар жасау арқылы жергілікті «Атырау» волейбол командасының шотынан 28 млн. теңгенің талан-таражға түсіп кеткенін анықтады.

196 0

Атырау облыстық қаржы полициясы жалған құжаттар жасау арқылы жергілікті «Атырау» волейбол командасының шотынан 28 млн. теңгенің талан-таражға түсіп кеткенін анықтады.

Осы іске байланысты сыбайлас жемқорлыққа және экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері облыстық денешынықтыру, спорт және туризм басқармасы бұрынғы бастығының, «Облыстық «Атырау» волейбол командасы мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны директорының және аталмыш кәсіпорын есепшісінің үстерінен Қылмыстық кодекстің 176-бабы 3-тармағы бойынша, яғни «өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденіп кету және талан-таражға салу» деген айыппен қылмыстық іс қозғады.

Аталған лауазымды тұлғалар жоғарыдағы сомадағы қаржыны «Атырау» волейбол командасының шет елдерде оқу-жаттығу жиындарын өткізген кездеріндегі іссапарларына жалған құжаттар толтыру арқылы иемденіп кеткен деген күдік бар.

Осы жерде айта кететін бір жайт, қаржы полициясының баспасөз қызметі күдіктілердің аты-жөндерін толық ашып көрсетпегенімен, олардың кімдер екенін қазір-ақ сеніммен атап өтуге болады. Айталық, «облыстық денешынықтару, спорт және туризм басқармасының бұрынғы бастығы» деген анықтаманың аясына жасырынып тұрған лауазым иесінің Берік Жанкеев екені ешбір күмән туғызбайды. Ол облыс әкімі Бергей Рысқалиев орнынан алынған бойда өз еркімен қызметінен кеткендердің қатарында болды


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!