Алматы облысында екі танысын өлтірген азамат құрықталды

Фотография - Алматы облысында екі танысын өлтірген азамат құрықталды

Алматы облысында екі танысын өлтірді деген күдікпен 24 жастағы азамат қолға түсті, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаменті.

238 0

Алматы облысында екі танысын өлтірді деген күдікпен 24 жастағы азамат қолға түсті, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаменті.

«Қарасай ауданының Іргелі кентінде Новостройка көшесі бойындағы үйлердің бірінде қанды оқиға орын алды. 19 сәуір күні бөлмені жалға алушы 24 жастағы жігіт екі танысымен ішімдік ішкен»,-дейді Алматы облысы ІІД Қарасай аудандық ІІБ басшысы, полиция полковнигі Данияр Казербаев.

«С. деген азаматтың айтуына қарағанда, ішімдік ішкен меймандар өзара сөзге келісіп қалады. Бөлме иесі шығып кеткен кезде екеуі төбелесіп, бірі екіншісін буындырған. Сол кезде екеуін ажыратпақ болған ол А. деген азаматтың басынан 3 литрлік қазанмен соққан. Соққы алған жігіт сол жерде жан тапсырды»,-деді ІІД.

Күдікті үйдің қасынан 500 метр жерде қамыс арасынан бір жарым метрлік жерді қазып, мәйіттің бірін көміп тастаған. Ал екіншісін жасырып үлгере алмапты. Таң алагеуімде сол маңнан өтіп бара жатқан адам күрегі бар күдік туғызған адамды байқап, полицияға хабарлаған. «Күдіктің түсініктемесі жіті тексерілетін болады. Ол өзінің қылмысын жеңілдету мақсатында мұның барлығын ойдан шығаруы мүмкін. Қазір ҚР ҚК-нің 96 бабымен айып тағылып, қамауға алынды»,-деп қорытындылады полиция полковнигі Казербаев.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!