Ашулы жолаушы кондуктор мен жүргізушіні пышақтаған

Фотография - Ашулы жолаушы кондуктор мен жүргізушіні пышақтаған

 Жапа шеккен азаматтардың бірі ауыр халде жан сақтау бөлімінде жатыр.

213 0

Семейде ашуға мінген жолаушы автобус жүргізушісі мен кондукторды пышақтап тастады. Жапа шеккен азаматтардың бірі ауыр халде жан сақтау бөлімінде жатыр.

36 жастағы күдікті қала шетіне қатынайтын шағын автобуспен сүйіктісіне жол тартқан екен. Сөйтіп, аялдамадан тыс жерде тоқтатуды талап етіпті. Бұған қарсылық танытқан жүргізуші мен кондукторға ашуланған жігіт пышақ ала жүгірген. Бұрын бірнеше рет сотты болған жолаушы өзін ренжіткендерді дәл жүректен көздеген екен. Көліктің іші-сырты қызыл ала қан. Қамауға алынған күдікті Алматы облысының тумасы. Енді 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!