Ақтөбеде тыйым салынған секта әшкереленді

Фотография - Ақтөбеде тыйым салынған секта әшкереленді

Күн сайын арнайы әзірленген тұзды шаймен қоректенеді екен

285 0

Ақтөбеде тыйым салынған «Алля аят» сектасы әшекереленді. Бір коттедждің жер төлесінде ем жүргізіп жатқан 42-56 жас шамасындағы әйел адамдар ұсталды. Бұл ұйым мүшелері медицинаға сенбейді. Яғни, ешбір дәрі-дәрмексіз күн сәулесіне ұзақ қарау арқылы емделеді.

Күн сайын арнайы әзірленген тұзды шаймен қоректенеді екен. Ұйымның жолын кесуге содан зардап шеккен азаматтардың арыз беруі мұрындық болған.

«Аталған факті бойынша емделушілерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 374 бабы ҚР заңдарымен белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне басшылық жасау, сондай-ақ олар тоқтатылған және тыйым салынған қызметпен тең бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды»,-дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Яғни, ұйым мүшелеріне екі жүз мың теңге шамасында айыппұл салынды. Облыста осы ағым ықпалымен жүрген мыңға жуық адамның бар екендігі анықталып отыр. Ұйым бір жерден екінші жерге көшіп жүріп, астыртын жұмыс жасап келген.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!