Қарағанды облысында әскери ұшақ апатқа ұшырады

Фотография - Қарағанды облысында әскери ұшақ апатқа ұшырады

2013 жылдың 23 сәуірі күні сағат 22.45 шамасында Қарағанды облысы Шет ауданы Просторное ауылының аумағында оқу-жаттығу ұшуын жасау барысында Қорғаныс министрлігі 50185 әскери бөлімшесінің МИГ-31 әскери ұшағы апатқа ұшырады

277 0

2013 жылдың 23 сәуірі күні сағат 22.45 шамасында Қарағанды облысы Шет ауданы Просторное ауылының аумағында оқу-жаттығу ұшуын жасау барысында Қорғаныс министрлігі 50185 әскери бөлімшесінің МИГ-31 әскери ұшағы апатқа ұшырады.

Оның басқаруында ұшқыш - бөлімшенің командирі полковник М.О.Едігеев пен штурман - оның орынбасары майор Р.Р. Галымзянов болды. Ұшақтың құлауы кезінде экипаж катапульталанды.

50185 әскери бөлімшесінің жердегі-іздестіру құтқару командасы жүргізген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде апат орнында полковник М.О.Едігеевтің мәйіті мен штурман Р.Р.Галымзянов табылды. Галымзяновқа медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында Бас әскери прокуратураның, Орталық аймақтық Әскери-тергеу басқармасының шұғыл-тергеу тобы және авиациялық апаттарды тергеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс істеуде.

Аталмыш факті бойынша Орталық аймақтық әскери прокуроры Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 392-бабында қарастырылған «ұшу немесе оған дайындық ережелерін бұзу) қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тергеу жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!