Төбелес кезінде құлақ тістеп жұлған жігіт 6 жылға сотталды

Фотография - Төбелес кезінде құлақ тістеп жұлған жігіт 6 жылға сотталды

Ақтөбеде төбелес барысында қарсыласының құлағын тістеп жұлып алған жігітке қатысты сот - шешім шығарды.

273 0

Ақтөбеде төбелес барысында қарсыласының құлағын тістеп жұлып алған жігітке қатысты сот - шешім шығарды. Үш бірдей баппен айыпталған оған алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады. Қарсыласына ауыр дене жарақатын салғаны және оның ұялы телефоны мен күртесін тартып алғаны үшін кінәлі деп танылды.

ЗИНАИДА ШЫМЫРОВА, №2 ҚАЛАЛЫҚ СОТТЫҢ СУДЬЯСЫ:

- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодесінің 58 бабы 3 бөліміне сәйкес жеңілірек жазаны ауыр жазаға сіңіру бойынша түпкілікті өтеуге алты жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленсін.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 42 жастағы Серік Қажғановтың төбелес кезінде қарсыласының құлағын тістеп жұлып алғанын айтқан болатынбыз. Құлағының төрттен бірінен айрылып қалған жәбірленуші оны қалпына келтіру үшін төрт жүз мың теңге көлемінде моральдық шығын талап еткен. Бірақ, сот талапты қанағаттандырмады. Жәбірленушінің өзі бүгінгі сот процесіне келген жоқ. Айыпталушының қорғаушысы бұл шешіммен келіспейтіндігін жеткізді. Енді олар облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірмек.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!