Алаяқтар ақтөбелік зейнеткерді алдап, 100 мың теңгесін алып кетті

Фотография - Алаяқтар ақтөбелік зейнеткерді алдап, 100 мың теңгесін алып кетті

Егде тартқан кейуанаға белгісіз ер адам хабарласып, ұлының жол-көлік апатына кінәлі екендігін, оны қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін ақша қажеттігін айтқан. Зейнеткер бейтаныс қызға өз пәтерінде талап етілген қаржыны берген

232 0

Ақтөбе қаласының 79 жастағы тұрғынын телефон алаяқтары сазға отырғызып кетті.

Бұл туралы аймақтағы ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Егде тартқан кейуанаға белгісіз ер адам хабарласып, ұлының жол-көлік апатына кінәлі екендігін, оны қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін ақша қажеттігін айтқан. Зейнеткер бейтаныс қызға өз пәтерінде талап етілген қаржыны берген.

Алаяқтар 23 сәуір күні Ақтөбе қаласының тағы бір тұрғынын алдауға тырысқанымен, одан еш нәтиже шықпады.

Әйелмен телефон арқылы байланысқан белгісіз біреулер оның ұлын тәртіп сақшылары ұстағанын айтып, ақша талап еткен. Жылпостардан күмәнданған ана бірден ұлына хабарласып, баласының білім ордасында екеніне көз жеткізді.

Осы оқиғаларға байланысты алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел іздестіру шаралары қолға алынды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!