Алматы облысында ҰҚКД аудандық бөлімінің ғимаратына оқ жаудырған бұзақы сотталды

Фотография - Алматы облысында ҰҚКД аудандық бөлімінің ғимаратына оқ жаудырған бұзақы сотталды

ҰҚКД аудандық бөлімінің әкімшілік  ғимаратына оқ жаудырды деп айыпталған Үшарал қаласының тұрғыны Александр Лучинге Алакөл аудандық соты үкім шығарды

204 0

ҰҚКД аудандық бөлімінің әкімшілік  ғимаратына оқ жаудырды деп айыпталған Үшарал қаласының тұрғыны Александр Лучинге Алакөл аудандық соты үкім шығарды.

Бұзақы бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Алакөл АІІБ қызметкерлері 31 жастағы бұзақыны ҰҚКД ғимаратына оқ атты деген күдікпен биылғы ақпан айының ортасында қолға түсірді. ҚР ҚК 257 бабының 3-ші тармағы бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу барысында күдікті өз ісін мойындаған. Ащы суға масайған ол бұзақылық пиғылмен аңшылық қарудан екі мәрте оқ атады. Салдарынан әкімшілік ғимараттың қабырғасы мен  металл есігі аздап зақымданған.

Сотта А. Лучинге 257 баптың 3 тармағы бойынша тағылған айып аталмыш баптың 1-ші бөліміне ауыстырылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!