Қарағандыда жалған теңгелерді саудалаумен айналысқандар құрықталды

Фотография - Қарағандыда жалған теңгелерді саудалаумен айналысқандар құрықталды

Қарағанды облысының ІІД-ге екі адамнан тұратын қылмыстық топқа қатысты ақпарат келіп түсті, бұл топ ұзақ уақыт бойы облыс аумағында номиналы 500, 1000 және 2000 теңгелік жалған банкноттарды дайындаумен және сатумен айналысқан

190 0

Қарағанды облысының ІІД-ге екі адамнан тұратын қылмыстық топқа қатысты ақпарат келіп түсті, бұл топ ұзақ уақыт бойы облыс аумағында номиналы 500, 1000 және 2000 теңгелік жалған банкноттарды дайындаумен және сатумен айналысқан.

Бұл туралы ҚР ІІМ мәліметтерінде хабарланған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қарағанды облысының ІІД ҰҚҚКБ қызметкерлері Қарағанды қаласының қонақ үйлерінің бірінде жалған ақшалай банкноттарды бергеннен кейін Теміртау қаласының бұрын сотталмаған 20 және 21 жастағы екі тұрғынын ұстады. Ақшалай қаражатты сату фактісі  тіркелген қонақ үй нөмірін тексеру барысында жалпы сомасы 388 мың теңге болатын 2000 теңгелік жалған банкноттар табылып, тәркіленді. Одан әрі жеке тексеру кезінде ұсталғандардың бірінен оның сыртқы киімінің қалтасынан  16 мың теңге болатын  жалған банкноттар табылды.Ұсталған екінші күдіктінің тұратын жері бойынша олар жалған ақша дайындап шығарған ноутбук, процессор және принтер алынды.

Бұған дейін ағымдағы жылғы наурызда 21 жастағы күдіктіге қатысты жалпы сомасы 80 мың теңге  жалған банкноттарды дайындау және сату фактісі құжаттандырылған болатын. Фигуранттардан жалпы сомасы 480 мың теңгеден асатын жалған ақшалай банкноттар тәркіленді.

Қазақстан Республикасы ҚК 206-бабының 2-бөлігі бойынша  қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!