Астанада қылмыс жасаған Ресей, Беларусь, Грузия және Өзбекстан азаматтары ұсталды

Фотография - Астанада қылмыс жасаған Ресей, Беларусь, Грузия және Өзбекстан азаматтары ұсталды

Бір тәуліктің ішінде астаналық тәртіп сақшылары қылмыс жасаған  жақын шет елдердің азаматтарын қолға түсірді

203 0

Бір тәуліктің ішінде астаналық тәртіп сақшылары қылмыс жасаған  жақын шет елдердің азаматтарын қолға түсірді.

Елордалық полицейлер мамыр айындағы мерекелердің қарсаңында көшелердегі және қоғамдық орындардағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және тосқауыл қою үшін 25-27 сәуір аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасын өткізуде.

Оның алғашқы тәулігінде бас қаланың аумағында қарақшылық шабуыл жасаған Белоруссияның 38 жастағы азаматы,  бұзақылығымен ерекшеленген Өзбекстанның 26 жастағы тұрғыны, алаяқтықпен айналысқан грузиялық және есірткі сақтаған ресейлік қолға түсті.

Олар елордада уақытша тұрған. Назарға іліккендердің кейбірі Астана қалалық уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде.

25-26 сәуірдегі кезекшілік кезінде Өзбекстан Республикасы ІІД іздеу жариялаған, ізім-ғайым жоғалып кеткен 31 жастағы әйел табылды. Ол Астана қаласында уақытша тұрып келген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!