ШҚО-да жасөспірімнің өлімі үшін мұғалімге ескерту сөгіс жарияланды

Фотография - ШҚО-да жасөспірімнің өлімі үшін мұғалімге ескерту сөгіс жарияланды

Шығыс Қазақстан облысында дене шынықтыру сабағының мұғаліміне 15 жасар жасөспірімнің өлімі үшін тәртіп жазасы тағайындалды. 

201 0

Шығыс Қазақстан облысында дене шынықтыру сабағының мұғаліміне 15 жасар жасөспірімнің өлімі үшін тәртіп жазасы тағайындалды. 

Қайғылы оқиға БородУлиха ауданында қыс мезгілінде орын алды. Тоғызыншы сынып оқушысы Никита Дрегинкиннің үстіне жаттығу кезінде футбол қақпасы түсіп кеткен болатын. Әуелде полиция қылмыстық істі бастағанымен,кейін істі жауып тастаған көрінеді. Алайда жаңалықтардан жазатайым оқиға туралы көрсетілген соң, аталмыш іс прокуратура назарына ілігіпті. Тексеру барысында футбол қақпасының салғырт-салақ істелінгені анықталды. Сол күні дене шынықтыру мұғалімі телефонмен сөйлесу үшін спортзалдан тысқа шығып кеткені мәлім болды. Алайда, балаларынан айрылып, зар қақсаған ата-анасы ұлдарының өліміне мұғалімді емес, мектеп директорын айыптау қажет деп отыр. 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!