Оралда облыс спортының бұрынғы басшысы Мүсілім Оңдағанов қамауға алынды

Фотография - Оралда облыс спортының бұрынғы басшысы Мүсілім Оңдағанов қамауға алынды

Бүгін Орал қаласы қылмыстық істер соты Батыс Қазақстан облысының туризм және спорт басқармасының бұрынғы бастығы Мүсілім Оңдағановты екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді

169 0

Бүгін Орал қаласы қылмыстық істер соты Батыс Қазақстан облысының туризм және спорт басқармасының бұрынғы бастығы Мүсілім Оңдағановты екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді. Бұл туралы «Уральская неделя» газеті хабарлады.


Бұрынғы спорт функционеріне облыс спортын басқарып тұрған кезінде бюджеттің 7,9 млн. теңгесін талан-таражға салды деген айып тағылуда. Сотта сондай-ақ қаржы полицейлерінің күдіктіні 26 сәуір күні кешке өз үйінде ұстағаны да белгілі болды.

«Облыс спортын басқарып тұрған кезінде Мүсілім Оңдағанов «Ақжайық» допты хоккей командасының Ресейдің Самара облысындағы Жигулевск қаласына жаттығу жиынына барып-қайтты-мыс деген жалған бұйрыққа, іссапар куәліктеріне және аванс есебіне қол қойған, – деді Орал қылмыстық істер сотының судьясы Дастан Бәйменов. – Алайда, қауіпсіздік комитетіне қарасты шекарашылар хоккейшілердің Ресей Федерациясына қарай шекара асып өтпегенін анықтап берді».

Судьяның сөзіне қарағанда, оны тұтқынға алу туралы кепілдемені қаржы полициясының тергеушілері берген.

Осы жерде еске сала кетейік, бұдан бірнеше күн бұрын тап осы қылмысқа күдіктілер ретінде белгілі спортшы, самбодан әлем чемпионы Қоныс Жетпісов пен Қазақстанның допты хоккей құрамасының жаттықтырушысы Марат Маңғыбаев қамауға алынған болатын. Олардың да Мүсілім Оңдағанов тәрізді 2009 жылы ұрланған сегіз миллион теңгеге қатысы бар деп есептеліп отыр.

Бүгін Орал қалалық соты күдікті болып саналып отырған бұл үшеуін – Оңдағановты, Жетпісовті және Маңғыбаевты Қылмыстық кодекстің 176-бабы 3-бөлігімен (өзіне сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін бір топ адамның алдын ала келісімге келу арқылы ірі көлемде иемденіп кетуі немесе талан-таражға салуы) екі ай мерзімге тұтқынға алуға санкция берді.

Ал Мүсілім Оңдағановтың адвокаты Айгүл Орынбекова өз қорғауындағы тұлғаның бұл кінәні мойындамай отырғанын айтты.

-Мен мұны тапсырыспен жасалған деп айта аламын, – деді адвокат. – Өткен жылы қыркүйекте қалаға қаржы полициясы мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері келді. Барлық тексеріс сол кезден басталды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!