Теміртауда жұмыссыздар 26 жастар жігітке оқ жаудырған

Фотография - Теміртауда жұмыссыздар 26 жастар жігітке оқ жаудырған

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

246 0

Қарағанды облысының Теміртау қаласында тәртіп сақшылары үйдің кіреберісінде оқ боратқан жергілікті жұмыссыз екі тұрғынды құрықтады.

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

«29 сәуір күні Теміртау қалалық ІІБ Шығыс полиция бөліміне 26 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, үйінің кіреберісінде белгісіз тұлғалар оған оқ жаудырғанын айтты. Көп ұзамай Шығыс полиция бөлімінің түнгі жедел-іздестіру тобы қаланың жұмыссыз қос азаматын қолға түсірді. Олар жігітке бұзақылық пиғылмен пневматикалық қарудан атқанын мойындады», - делінген таратылған хабарламада.

Бүгінгі таңда аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 257-бабына («Бұзақылық») сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!