Қарағандылық оқушы өз парталастарын пышақтады

Фотография - Қарағандылық оқушы өз парталастарын пышақтады

Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы №1 орта мектептің 17 жастағы 11 сынып оқушысы 11 және 10 сынып оқушыларына пышақ сұғып, жарақаттады

132 0

Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы №1 орта мектептің 17 жастағы 11 сынып оқушысы 11 және 10 сынып оқушыларына пышақ сұғып, жарақаттады деп хабарлайды аймақтың ІІД баспасөз қызметі.

Аталмыш оқиға аптаның алғашқы күнінде, 29 сәуірде орын алған. 17 жастағы мектеп оқушысы өз мектебінде бірге оқитын 11 және 10 сынып оқушысын пышақпен жарақаттаған. Салдарынан 11 сынып оқушысы жедел жәрдем көлігі жеткенше көз жұмса, 10 сынып оқушысы Жезқазған қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізілді, - дейді полиция өкілдері.

Қазіргі кезде 11 сынып оқуышысы күдікті ретінде ұсталған. Оның айғақты заттары анықталып, пышағы тәркіленген. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!