Астанада үй тонаушылар тобы ұсталды

Фотография - Астанада үй тонаушылар тобы ұсталды

Елордалық полиция қызметкерлері Ақмола облысынан келген ұрыларды бірінеше рет үй тонау фактісі бойынша  ұстады

209 0

 Астанада үй тонаушылар  тобы ұсталды деп хабарлайды елорданывң ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.


«Елордалық полиция қызметкерлері Ақмола облысынан келген ұрыларды бірінеше рет үй тонау фактісі бойынша  ұстады.Ұсталғандар арасында  бұрын сотталғандар мен қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар да бар», - деп мәлімдеді ведомстводан.

Полицияда анықталғандай, қылмыскерлер бірінші қабаттағы темір тормен және  дабыл қаққышпен жабдықталмаған терезелер арқылы үйлерге кіріп, тонаған.  Сөйтіп, ұсталғандар Астана мен Ақмола облысында оннан астам ұрлыққа күдіктелуде.


Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар уақытша қамау изоляторына қамалды. Олардың басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!