Атырауда лаңкестік жасамақ болған 16 адамға үкім шықты

Фотография - Атырауда лаңкестік жасамақ болған 16 адамға үкім шықты

Сот үкімі әзірге күшіне енген жоқ.

120 0

Атырауда лаңкестік жасамақ болған 16 адамға үкім шықты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Оларға Атырау облысы аумағында құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет мамандарына қарсы лаңкестік әрекет жасамақ болды деген айып тағылған. Сонымен қатар теракт жасауға қажетті қаржы табу мақсатына мал ұрлаған.

Атырау облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот үкімімен С.Сүлеғалиев 18 жылға, И.Идир мен Қ.Меңдіғазиев 17 жылға бас бостандығынан айырылды. 10 адам қатаң тәртіптегі колонияда 15 жыл, біреуі 13 жыл, екі адам 12 жыл жазасын өтейді.

Естеріңізге саламыз, 10 сәуірде Атырауда облыс орталығының, Қызылқоға, Жылыой және Құрманғазы ауданының 16 тұрғынына қатысты сот процессі басталған болатын. Сотталған 3 адам өткен жылы қамауға алынған, ал қалғандары ағымдағы жылдың ақпанында қолға түсті. Сотталушылардың ең жасы-18-де, ең ересегінің жасы 47-де. Жабық режимде өткен сотқа 100-ге жуық куәгер мен 8 қорғаушы қатысты.

Сот үкімі әзірге күшіне енген жоқ.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!