Жамбыл облысындағы Отар гарнизонында әскери автомобиль аударылды

Фотография - Жамбыл облысындағы Отар гарнизонында әскери автомобиль аударылды

Белгілі болғандай, автомобиль аэроұтқыр әскерлердің меншігінде болған.

326 0

 Жамбыл облысындағы «Отар» әскери гарнизонында автомобиль аударылды - жүргізуші мерт болып, төрт адам жараланды.

Белгілі болғандай, автомобиль аэроұтқыр әскерлердің меншігінде болған.

Болған оқиғаның жай-жапсар туралы Қорғаныс министрлігі түсінік берген жоқ.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысында «Отар» әскери базасында 7 мамырда, Отан қорғаушы күніне арналған әскери шеруге әзірлік жүргізілуде.

Қазіргі кезде әскери база маңына әскери техника және бөлімшелердің жеке құрамы шоғырланған. Әскери шеруге барлығы 7 мың әскери қызметші, 400-ден астам бірлік броньды машина және автотехника, 86 ұшақ және тікұшақ қатысады. Армия авиациясы ұшқыштары үшін арнайы лагерь тігілген. 


Тегтер:

армия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!