Қызылордада он сегіз жасар жігіт ойынхана тонаған

Фотография - Қызылордада он сегіз жасар жігіт ойынхана тонаған

 Қызылорда қаласында он сегіз жасар жігіт ойынхана тонаған, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

310 0

 Қызылорда қаласында он сегіз жасар жігіт ойынхана тонаған, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

«Сәуір айының 29-ы күні қала орталығында орналасқан ойынхананы белгісіз азаматтың тонағаны жөнінде Қалалық ішкі істер басқармасына хабар түскен. Қызылорда қаласының 1959 жылы туған тұрғынының айтуынша, 1992 жылы туған сіңлісі екеуін жұмыс кезінде бір азамат келіп, себепсіз ұрып-соққан. Одан соң оларды қорқытып, кассадағы 205 мың теңгені алып, оқиға орнынан бой тасалаған», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ойынхананы тонаған он сегіз жасар жігіт тұтқындалды. 1995 жылы туған Жаңақорған ауданының тұрғыны бүгінде күдікті ретінде қамауға алынып, тексеру амалдары жүргізілуде.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!